«Шығындар қазіргі кезең үшін шыңдық мерзіміне жетіп игерілді. Шығынның жартысы әлеуметтік болып есептелсе, тағы төрттен бір бөлігі экономикалық өсу үшін бағытталды», – деді Б. Сұлтанов.Сонымен қатар, министрлік басшысы экономикалық тұрақтылық үшін өңірлік экономика жаңа трансферттермен қолдау тауып отырғанын және де жалпы алғанда, жергілікті бюджеттер нәтижелі көрсеткішке қол жеткізіп отырғанын мәлімдеді. «Орындау қорытындысы салықтық бюджет саясатының экономикалық жағдайға әсерінің оң нәтижесін көрсетеді», – деп атап өтті министр. Министрдің айтуынша, түсімдер шамамен 1 трлн теңгеге (941 млрд теңге немесе 26%-ға) артық орындалды. «Бұл макроэкономикалық жағдайдың жақсарғанын көрсетеді. Мәселен, белсенді төлемшілердің қатары 7,3%-ға артып, 85 мың кәсіпорынға жетті», – деді министр. Түсімдерді асыра орындау бюджетті нақтылаудың негізі болды. Жалпы, мемлекеттік бюджеттің түсімдері (трансферттерді есептемегенде) 126%-ға, оның ішінде республикалық бюджет 131%-ға, ал жергілікті бюджеттер 115%-ға орындалды.
• 25 Қазан, 2016
Бюджет түсімі 1 трлн теңгеге асыра орындалды – Сұлтанов
Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Экспорт • Кеше
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Қазақстан • Кеше
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше