Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесуде Қ.Бишімбаев Елбасыға Қазақстанның биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндады.
Қазақстан Президенті экономикалық даму қарқынын одан әрі жеделдету, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, экономиканы қолдау және басты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін бюджет пен ұлттық қордан бөлінетін қаражатты ұтымды әрі тиімді пайдалану қажеттігіне баса назар аударды.
Ұлттық экономика министрі өз баяндамасында 2016 жылғы 9 айда ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 0,4%-ға өскенін атап өтті.
«Құрылыс және көлік саласы, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы экономика өсімінің негізгі қозғаушы күші (драйвері) болып саналады. Көлемнің артуы құрылыста - 6,9%, ауыл шаруашылығында - 4,9%, көлік саласында - 4%, өңдеу өнеркәсібінде - 0,6% болып отыр. Сонымен бірге металлургия мен фармацевтика өнімдерінің, азық-түлік пен мұнай өңдеу өндірісінің мөлшері артқаны байқалады», - деді Қ.Бишімбаев.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясындағы «Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты үшінші институционалдық реформаның орындалу барысы жөнінде баяндалды.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19
Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Дубайда тұруға рұқсат алу жеңілдеді
Оқиға • Бүгін, 11:58
Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі: Оқу мерзімі мен талаптар қалай өзгереді?
Медицина • Бүгін, 11:34
Жылына 7,6 миллион теңге: Қазақстанда оқу ақысы қымбаттады
Білім • Бүгін, 11:10