Медицина • Бүгін, 11:34

Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі: Оқу мерзімі мен талаптар қалай өзгереді?

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2026 жылдан бастап Қазақстанда медициналық білім беру жүйесі түбегейлі жаңа модельге көшеді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл реформаның басты ерекшеліктері мен студенттер үшін ашатын жаңа мүмкіндіктерін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі: Оқу мерзімі мен талаптар қалай өзгереді?

Министрдің айтуынша, жаңа жүйе дәрігерлерді даярлау сапасын арттыруға және олардың практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

2026 жылдан бастап оқуға түсетіндер үшін не өзгереді?

Жаңа модель бойынша оқу мерзімі 6 жыл (университетте) + 1 жыл интернатураны құрайды. Оқуды аяқтаған түлектер диплом алып, бірден екі бағыттың бірін таңдай алады:

  • Дәрігер ретінде жұмысын бастау (тек емханаларда ғана емес, стационар деңгейінде де жұмыс істеуге рұқсат беріледі);
  • Резидентурада оқуын жалғастыру.

Сонымен қатар жүйеге «дәрігер-интерн» мәртебесі енгізіледі. Ол студент емес, нақты жауапкершілігі мен практикалық дағдылары бар маман ретінде қарастырылады. Айта кетерлігі, бұл жүйенің алғашқы түлектері 2033 жылы шығады.

Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Қазіргі студенттердің жағдайы қалай болмақ?

Министрлік қазіргі уақытта білім алып жатқан студенттер үшін оқу шарттары мен мансаптық траекторияның сақталатынын нақтылады:

  • 2021 жылы оқуға түскендер бұрынғы жүйемен білім алады. 2027 жылы оқу бітірген соң емханада жұмыс істеуге немесе резидентураға түсуге құқылы.
  • 2022 жылы және кейінірек (2026 жылға дейін) оқуға түскендердің оқу мерзімі – 6 жыл. Мұнда практикалық даярлық пен оқу сағаттарының көлемі арттырылған. Түлектер медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде жұмыс істей алады немесе резидентурада білімін жалғастырады.

Жаңа реформаның артықшылықтары

Ақмарал Әлназарова бұл өзгерістердің медицина саласына берер пайдасын атап өтті.

  • Оқу барысында практикалық жұмыстың үлесі артады;
  • Дәрігерлерді даярлау сапасы еуропалық стандарттарға жақындайды;
  • Жас мамандардың еңбек жолын ертерек бастауына мүмкіндік туады;
  • Клиникалық практика мен базалық білімнің ұштасуы медициналық көмектің тиімділігін арттырады.

Министрдің сөзінше, жаңа модельдің негізгі артықшылығы – болашақ дәрігерлердің кәсіби икемділігі мен практикалық дайындығының жоғары болуында.

Соңғы жаңалықтар