Алматыдағы Ұлттық кітапханада Герольд Бельгер атындағы мемориалды кабинет ашылды. Сонымен қатар, жазушының белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың Әлеуметтік және гуманитарлық қорының қолдауымен жарық көрген «Плетенье чепухи» атты кітабының 1-ші томының тұсаукесері өтті.
Қазақстанның халық жазушысы, елуден астам кітаптың авторы, публицист, қазақ әдебиеті классиктерінің көптеген шығармаларын орыс тіліне аударып, әлемге танытуда өлшеусіз үлес қосқан Герольд Карлович Бельгердің дүниеден өткеніне екі жылға жуықтады. Ресейде дүниеге келіп, қазақ ауылында өскен ұлты неміс жазушы қаламгерлігімен қоса қайраткерлігі арқылы да танылған тұлға.
Мемориалды кабинеттің ашылуына арнайы келген жазушының зайыбы Раиса Зәкірқызы Хисматуллина өзі үшін аса қымбат кітаптың жарыққа шыққанына қуанғанын, өйткені, Гер-ағаң үшін өз күнделігін кітап етіп шығару үлкен арман болғанын, сол арманның орындалып отырғанын айтты.
«Ол әрқашан «Әрбір адам үшін бақыттың өз өлшемі бар. Мен үшін бақыт деген – маған жасалған жақсылықты қайтару, жақсылыққа жақсылықпен жауап бере білу. Қазақ елі – менің туған ортам, өз Анам болды» деп айтатын еді. Ол Отан алдындағы, туған жер, қоғам мен жақын адамдары алдындағы борышын өтеп кетуді мақсат тұтты. Сол борыш үшін еңбек етті. Көз жұмар алдында жансақтау бөлімінде ояту үшін қызым екеуіміз «Оянсаңшы, кітабыңды шығару керек қой» деп айтқанымызда, ес-түссіз жатқан оның көзінен бір тамшы жас домалап ағып түсті... Ұлы даланың ұлы немісі аталып кеткен Герольд Карлович өмірден озғанда қазақ халқы тарапынан соншалықты ыстық ықыласты көремін деп күтпеп едім», – деп тебірене көзіне жас алған Раиса Зәкірқызы жиналған қауымға алғысын білдірді.
Жазушы дүниеден өткен соң құрылған қордың директоры Қанат Төребайдың айтуынша, қор ұжымы Герольд Бельгердің 8 жасынан бастап жазған, барлығы 30 дәптерден тұратын күнделіктерін «Плетенье чепухи» деген атпен 4 том етіп шығаруды ойға алған екен. Гер-ағаңның аманат етіп кеткен мұрасын көпшілік назарына ұсынуды парыз санаған Ермек Тұрсыновтың аталмыш қоры 2 мың дана таралыммен шыққан алғашқы томды еліміздің барлық кітап дүкендерінен сатып алуға болатынын айтты.
Герольд Бельгер есімін есте қалдыру мақсатында, сондай-ақ, «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Бельгер» атты деректі фильм де жиналған жұрттың назарына ұсынылды.
Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22