Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының басшылығы осы аймақта жеке куәліксіз жүруге рұқсат беру жағын қарастыруда.
«Қазіргі таңда ел азаматтары шекарадан шетелдік төлқұжат арқылы өтеді. Қараша айының 1-нен бастап, «Қорғас» аймағында шекарадан өту тәртібі өзгереді. Енді ол жерден жеке куәлік арқылы да өтуге болады. Ал балаларға туу туралы куәлік қажет», - деді орталықтың президенті Қаһарман Жазин қазақстандық журналистерге арналған баспасөз турының барысында.
Бұған қоса ол Қорғастағы ұзын-сонар кезекке байланысты мәселенің қалай шешілетінін айтты. Оның мәліметтері бойынша, 2012 жылы «Қорғастан» 310 мың адам өткен. Биылғы жылы осы күннің өзінде ол жерге қатынайтын азаматтар саны 3 миллионнан асады. Алдын ала болжам бойынша, 2020 жылға қарай орталықтан өтетін адамдар саны 8 миллионға дейін жетеді.
«Біз қазір ұзын-сонар кезектің мәселесін шешу бағытында кешенді шараларды жүзеге асырудамыз. Біріншіден, біз «Қазпошта» ұйымының қабылдау тіректерінің санын, осы жүктерді және көліктерді қабылдайтын адамдар санын көбейтеміз. Көктемде «Қазпошта» үлкен жүк терминалының құрылысын бастайды. Жіберу тәртібімен байланысты қазіргі проблемалар шешіледі»,-деді ол.
Бұған қоса ұйымдасқан туристер үшін жеке дәліздер мен «Қазпоштаның» қабылдау тіректері бөлінетін болады.
«Бір күнге қажетті затын алу үшін келетін ұйымдасқан туристер алыпсатарлықпен айналыспайды. Енді олар үшін арнайы дәліз жасалып, алдын ала мәліметтерін ұсынған ұйымдасқан туристер шекарадан небәрі бірнеше минуттың ішінде өтіп үлгереді. Олар қайтарда жүктерімен шығатын кезде де солай болады. Осындай тәртіппен біз алыпсатарлықпен айналыспайтын адамдар арасында туризм ұйымдастырмақпыз»,-деп қорытты сөзін Қаһарман Жазин.
Айта кетейік, «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы Алматы облысының Панфилов ауданына қарасты Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан. Мұндай аймақтың құрылуы мемлекеттердің шекара аймағында визасыз кездесу ұйымдастыруларына мүмкінік жасайды. Сондай-ақ ол Қазақстан, Қытай және ТМД елдерінің тауарларын таныстырып, келісімдер жасау үшін де ыңғайлы.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше