Белгілі ғалым, тарихшы, саясаткер, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлы дүниеден озды. Бұл туралы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты баспасөзі хабарлады.
Зардыхан Қинаяұлы 1940 жылы Моңғолияның Қобда аймағы Қобда сұмынында өмірге келген.
Моңғолия мемлекеттік университеті мен Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген Зардыхан Қинаятұлы өзінің саналы ғұмырын басшылық қызметтерге, ғылымға арнайды.
1975-1987 жылдары аралығында Моңғолия Кәсіподағы Орталық комитетінің хатшысы қызметін атқарады. 1990-1992 жылдары Моңғолия Үкіметінің Вице-Премьері орынбасары және Моңғолия Парламенті Төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Коммунистік жүйеден кейінгі Моңғолияның жаңа Конституциясын және сол елде жүргізілген саяси-экономикалық реформалардың құқықтық негізін жасаушылардың бірі.
Ташкентте Монғолияның атынан консул қызметін абыроймен атқарған Зардыхан Қинаятұлы 1994 жылы Қазақстанға қоныс аударғаннан өмірінің соңына дейінгі ғұмырын Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғылыми қызметке арнайды.
Зардыхан Қинаятұлы осы жылдар ішінде «Жылаған жылдар шежіресі», «Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түрік тайпалары», «Көшпенділік ғұмыр», «Шыңғыс хан және қазақ мемлекеті» және т.б көптеген тарихи кітаптар жазып, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосты. Аталған еңбектерден ғалымның терең білімі, биік өресі, темірқазықтай нық принципі айқын аңғарылып тұрады.
Сонымен қатар Қазақстан тарихының орта ғасырлық дәуірі, әсіресе Қазақ мемлекеттілігі тарихын зерттеуде елеулі еңбек етті. Қазақ мемлекеттілігі тарихы, қазақ тарихының моңғол билігі дәуірі тарихын зерттеуші, жетекші мамандардың бірі болды. Қазақстанның 5 томдық тарихының 4-томының авторларының бірі. «Мәдени мұра» бағдарламасына белсене қатысып «Қазақстан тарихына қатысты Моңғол деректерінің» III томы және «Ортағасырлық тарихи ой: Тарих адамзат ақыл ойының қазынасы» атты көлемді еңбекті дайындаушылардың бірі және арнаулы редакторы. «Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихына қатысты деректер» атты екі томдықтың кеңесшісі. Оның жетекшілігінде «Қазақ мемлекеттілігі тарихы» атты көлемді монография жарық көрді. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының тапсырысы бойынша «Шетелдегі қазақтар» сериясымен «Моңғолиядағы қазақтар» I-II кітабын шығарды. «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» атты еңбегі тарихшы, оқушы қауымның назарын аударған ауқымды еңбек болып табылады. «Қазақтар мен Моңғолдар тарих тоғысында» атты екі томдық ғылыми еңбек жазды. Соңғы жылдары Қазақстанның ғылыми және көпшілік баспасөзде көптеген мақалалары жарық көрді.
2016 жылғы 23 қараша күні дүниеден өтті. Жаназа намазы 24 қарашада Алматыда оқылып, қоштасу рәсімі өтеді.
• 23 Қараша, 2016
Қайраткер, ғалым Зардыхан Қинаятұлы дүниеден өтті

Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Оқиға • Бүгін, 11:01
Қазақстанда дүлей дауылдан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түсті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:36
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Медицина • Бүгін, 10:33
Замана дарабозы немесе Ахмет Жұбанов туралы үзік сыр
Тұлға • Бүгін, 10:30
Әлем • Бүгін, 10:25
Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті
Экспорт • Бүгін, 10:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 10:11