Астанада жиырмадан астам адам қамауға алынды, деп хабарлайды bnews.kz. Олар туған перзентіне алимент төлемей, жауапкершіліктен жалтарғаны үшін осындай жағдайға ұшырап отыр. Алматы ауданының прокурорлары әділет басқармасымен бірлесіп «Өз балаңа көмектес» атты шара өткізді. Оның аясында жалпы сомасы миллион теңгеден астам қаржы өндіру көзделген.
Алматы ауданының прокурорлары мен сот орындаушылар мұндай форматтағы акцияны алғаш өткізіп отырған жоқ. Жауапсыз әкелерді табу қиынның қиыны, әйтсе де нәтиже жаман емес.
«Бір апта ішінде жүздеген мекен-жайларды аралап шықтық. Бірлесіп, нәтижесінде 20 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Одан бөлек борышкерлер тарапынан алимент төлемдерін ішінара төлеу деректері кездесіп жатыр. Алимент өндіріліп жатыр. Онымен қоса борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары жалғасуда», – дейді Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры Шыңғыс Өтеміс.
Жиналып қалған қомақты қарызын төлемей жүргендердің туыстары көбіне олардың жауапсыз әрекетінен бейхабар болып жатады. Сондықтан барынша қорғауға ұмтылады. Заң аясында міндеттелген талапты орындамайтын жандардың түрлі айлаға баратыны жасырын емес. Оларды жауапкершілікке тартудың да амалдары бар дейді сот орындаушылар.
«Әкімшілік полиция басқармасына борышкерлердің көлігін тоқтату туралы ақпаратты жібереміз. Осыдан кейін көлік айып тұрағына қойылады. Егер иесі алиментін төлейтін болса, техника қайтарылады. Кей жағдайда көлік сатылып өндірілген қаржы арызданушыға беріледі. Айыптылар мұндайға да келісіп жатады», – дейді Астана қалалық әділет департаменті алимент төлемдерін өндіру бөлімінің сот орындаушысы Айдана Жылқыбаева
Тексеру өткізілген 3 аптада құқық қорғаушылар жүздеген мекен-жайға бас сұқты. Алимент төлемеген 23 адам қамауға алынған. Олар 5-8 күн аралығында темір тордың ар жағында отырады. Қазір әділет басқармасының қарауында 8 мыңға жуық іс жатыр. Ал қарыздың көлемі 180 миллион теңге көлемінде. Прокурорлар жауапкершіліктен қашқан әрбір әкені тауып, жазаға тартуға мүдделі. Ал "екі қолға бір күрек таппай жүрмін" деп сылтау айтқандарды Астанадағы ірі құрылыс нысандарында жұмыс істеуге міндеттемек.

Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Оқиға • Бүгін, 11:01
Қазақстанда дүлей дауылдан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түсті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:36
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Медицина • Бүгін, 10:33
Замана дарабозы немесе Ахмет Жұбанов туралы үзік сыр
Тұлға • Бүгін, 10:30
Әлем • Бүгін, 10:25
Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті
Экспорт • Бүгін, 10:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 10:11