Бүгін Алматы қаласындағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ойындарының Эстафета алауын алып жүрушілерді іріктеудің қорытынды кезеңі басталды, шара 16 желтоқсанда аяқталады, деп хабарлайды BNews.kz.
Алауды алып жүруге 17-28 жас аралығындағы ғылым, мәдениет және спорт салаларында жетістікке жеткен студенттер қатыса алады.
Іріктеудің бірінші кезеңі 1 қыркүйекте басталды және республиканың барлық жоғары оқу орындарын қамтыды. Университеттер өз өтініштерін ішкі байқау қорытындысы бойынша тапсырды. Екінші кезеңде рәсімдерге облыс орталықтарында эстафета өткізумен айналысатын өңірлік штабтар қосылды. Штабтардың міндеті – алауды алып жүрушілерді іріктеудің жалпы жұмыс барысын бақылап, байқау кезінде шынымен де маңызды үміткерлерді жіберіп алмау. Бұдан өзге, екінші кезең аясында жұлдызды қатысушылардың – алдағы өткен Универсиадалардың жеңімпаздары, спорт, ғылым, мәдениет жұлдыздарының құрамы анықталды.
Үшінші кезеңде www.torchrelay.kz сайтында әр ниет білдірген адам сауалнаманы толтырып, алауды алып жүрушілер мәртебесінде алау эстафетасына қатысуға өтінім бере алады. Осылайша, қалған бос орындарды толтыру жоспарланған. Ұйымдастырушылар осы кезеңде бірінші алауды алып жүруші Дмитрий Баландин сияқты белгілі болмаса да, жетістіктері бар студенттердің жаңа есімдерін тарту мүмкін болатынын айтты. Бұл оқиғалар да қызықтырып, қазақстандық жастарды жаңа жетістіктерге ынталандырады. Мысалы, 7-ші Азия ойындары аясындағы эстафетада өзенде батып бара жатқан баланы құтқарып қалған Қостанай облысының дене шынықтыру мұғалімі қаһарман болған болатын. Бұл спорттың бір адамның өмірін өзгертіп қана қоймай, басқа адамның өмірін құтқара алатынын дәлелдейтін көптеген мысалдардың бірі.
Алауды алып жүрушілерді іріктеу 16 желтоқсанда аяқталады. Республикалық комиссия бекіткеннен кейін тізім www.torchrelay.kz сайтында жарияланады.
Алау эстафетасы 25 қаңтарда Астана қаласында басталады. Алау жағудың жеке салтанаты және эстафетаның өз кезеңі әр облыс орталығында өтеді. Содан кейін өз алауларын Универсиаданың ашылу салтанатында қосу үшін 16 алауды алып жүруші Алауды Алматыға жеткізеді. Барлығы 1 000 алауды алып жүруші іріктеледі: облыс орталықтарында және Астана қаласында 60-тан, студенттік ойындар астанасынан 100 адам қатысады.
• 23 Қараша, 2016
Универсиада алауын алып жүрушілер анықталуға жақын

Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Оқиға • Бүгін, 11:01
Қазақстанда дүлей дауылдан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түсті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:36
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Медицина • Бүгін, 10:33
Замана дарабозы немесе Ахмет Жұбанов туралы үзік сыр
Тұлға • Бүгін, 10:30
Әлем • Бүгін, 10:25
Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті
Экспорт • Бүгін, 10:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 10:11