ҚР Мәжілісінің депутаттары мен кейбір ұлттық компаниялар жаңа жылдық корпоративтік кештерді өткізуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бізде ешқандай корпоративтер жоспарланбаған. Біз қатаң жұмыс кестесі бойынша істейміз және қазір парламент сайтынан көруге болады. Жаңа жылда бізде де төрт күндік демалыс болады, ал 4 қаңтарда регламент бойынша біз аймақтарға сапарлаймыз. Аймақтарда, шалғай аудандарда жұмыс істейміз, халықпен кездесу өткіземіз. Парламентте қыдырып кететін демалыстар да болмайды, бұл жақсы ма, жаман ба - өздеріңіз шешерсіздер", - деді ҚР Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев.
Мәжіліс депутаты Ирина Аронова да депутаттардың Жаңа жыл қарсаңында ешқандай корпаративті кештер ұйымдастырмайтынын растап, бұл отбасылық мейрам және ошақ қасында аталып өтетінін айтты.
"Біз жаңа жылдық корпоративтер өткізбейміз, бірақ компания жыл сайын Алматының Түркісіб ауданындағы кемтар және жаңдайы төмен отбасындағы балаларға сыйлықтар береді", - дейді бұл мәселе бойынша Air Astana әуе компаниясының өкілдері.
"Самрұқ-Қазына" компаниясында да, бюджет есебінен корпаративті мерекелік кештер ұйымдастырылмайтынын, дегенмен, қызметкерлердің өз қалтасынан мерекелік шаралар ұйымдастыруы да сөгіске жатпайтынын айтты.
• 23 Қараша, 2016
Депутаттар жаңа жылда корпоративті кештер өткізбейді

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше