Өзге мемлекеттер президентті қалай сайлайды? Қазір Қазақстан үшін өзекті болып отырған бұл мәселеде халықаралық тәжірибе қандай деген сауалдар алдағы сайлаудан хабардар болып отырған қалың елдің мүдделілігін тудырары анық. Осы мәселеге орай, Алматыдағы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен «Тренды и прогнозы» атты экономикалық және саяси зерттеулер орталығы бірігіп «Сайлау демократиясы: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы президенттік сайлау» тақырыбында халықаралық мәжіліс өткізді.
Халықаралық басқосуда елдегі сайлау заңнамаларының эволюциясы мен сайлау үдерістері демократиялық арнаға түсті деген пайымдар айтылды. Еліміздегі қазіргі сайлау алдындағы насихат жұмыстары бұрынғы сайлауларға қарағанда бөлек екендігі сөз болды. Мәселен, президенттіктен үміткер Жамбыл Ахметбеков, Ғани Қасымов пен Мэлс Елеусізов оқшау қадамдар мен тосын шешімдер арқылы қызықты жарнамалар жүргізіп отыр. Олар БАҚ-пен қоян-қолтық жұмыс істеп, сайлаушылармен белсенді байланыс орнатуда. Ал іс басындағы Президент өзінің сайлауалды науқандарынан ерікті түрде бас тартып, Мемлекет басшысы ретінде ағымдағы жұмыстармен айналысуда екені белгілі.
Сондай-ақ халықаралық жиында республикамыздағы сайлау алдындағы қоғамдық-саяси жағдай жан-жақты талқыланды. Бірқатар тағдыршешті факторлар қазақстандықтар алдында іс басындағы Президенттің жоғары сенімге ие болуына септеседі, дейді ғалымдар. «Онсыз да Қазақстанның халықаралық аренадағы табыстары мен сыртқы саясаттағы мықты беделі, еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Астана Саммиті, 7-ші Қысқы Азия ойындарының сәтті ұйымдастырылып, өткізілуі, басқа да жағдайлар, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты атқарылатын жұмыстар іс басындағы Президентті жарнамалай алады», дейді саясаттанушылар.
Осы үдеріспен экономиканың әрі қарай дамуы, басталған барлық іс-шаралардың баянды жүзеге асуы аз маңызға ие емес, тіпті тәуелсіздікті тұғырлы етудің өзегі десек те болады. Сондықтан да осы мәселе төңірегінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіп отырған мамандар бар. Ал өмір сапасын жақсарту саясаты шын мәнінде қалай жүзеге асып жатыр десек, бұл туралы ҚСЗИ директорының орынбасары Зарема Шаукенова әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі төмендегідей болғанын мәлімдеді. Бір жыл аясында сауалдар жүргізілгенде сұралғандар материалдық жағдайы айтарлықтай жақсарып, 35,8 пайыздан 48,4 пайызға дейін жоғарылағанын атаған. Яғни, бүгінгі таңда әрбір екінші қазақстандық табысының өскенін анық сезінеді. Әрине, бұл Президенттің рейтингінің жоғарылай түсуіне ықпал етері сөзсіз. Егер өткен жылы респонденттердің 90,2 пайызы қазіргі Мемлекет басшысының қызметін тіпті оңды деп бағаласа, биыл бұл көрсеткіш 95 пайызға көтерілген. Саясаттанушылар бұл факторлардың пайымды қорытындысы сайлау науқанының сабырлы жағдайда өтетініне септесетіндігін айтып отыр.
Айтқандай, осы халықаралық мәжіліске қатысушылар арасында Ресейдегі Роза Люксембург атындағы қор филиалының жетекшісі Петер Линке, Ломоносов атындағы ММУ посткеңестік кеңістікті зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының бас директоры Алексей Власов, «Наследие Евразии» қорының президенті Елена Яценконың болғанын айта кеткен жөн. Алексей Власовтың пікірінше, мықты президенттік билік қана Қазақстанның әрі қарай өрлеуіне көмектесе алады. Және бұл сайлау Нұрсұлтан Назарбаев сынды саясаткер мен тұлғаның кезекті сенім вотумы (парламент жиналысында дауысқа салынып қабыл алынған тоқтам) бола алады.
– Осының алдында өткен президенттік сайлауда ЕҚЫҰ Қазақстанға ескертулер, кемшіліктер мен тілектер тізбегі бар баяндама жіберген болатын. Бүгінгі таңда сол талаптың 80 пайызы жүзеге асты, – дейді ресейлік ғалым. Дегенмен, халықаралық конференция кезінде қазіргі сайлауға қатысты күрделіліктер мен кедір-бұдырлар бар екені және ол халықаралық байқаушылардың назарынан тыс қалмайтыны сөз болды. Мәселен, сайлау үдерістерінің қысқалығы. Бірақ, осыған қарамастан, республикадағы тұрақтылық деңгейінің биіктігі мен ашық дауыс беру арқасында сайлау науқаны демократияның кезекті сатысына көтеріле алады дейді шетелдік сарапшылар.
Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.
Суретті түсірген Айтжан САЛЫҚҰЛЫ.
• 12 Наурыз, 2011
Сайлау демократиясы немесе өзгелердің тәжірибесі

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32
Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді
Қоғам • Бүгін, 10:28
Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Аймақтар • Бүгін, 10:13
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған
Оқиға • Бүгін, 10:03
Мәжіліс пен Беларусь Парламенті заң шығару саласында тәжірибе алмасады
Саясат • Бүгін, 09:56
6 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер болжамы: Қазақстанда күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Пікір • Бүгін, 09:18
Адам капиталына басымдық беріледі
Пікір • Бүгін, 09:15
Мемлекет пен қоғамның айқын таңдауы
Пікір • Бүгін, 09:13
Реформа • Бүгін, 09:10