Оқиға • Бүгін, 10:03

Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім қыз сабақ уақытында белгісіз заттан уланып, ауруханаға жеткізілген. Бұл ақпаратты өңірдің білім басқармасы растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған

Оқиға 4 ақпанда Гусаковка ауылында болған. 2009 жылы туған қыз бала химиялық күйік алып, санитарлық авиация арқылы Петропавл қаласына жеткізілген. Қазіргі уақытта оқушының жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Полицияның мәліметінше, жасөспірім белгісіз сұйықтықтан уланған. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ерейментауда 7 адам уланып қалды

«Оқиға орнына Психологиялық қолдау орталығының мамандарынан құралған мобильді топ жіберілді. Басқарма медициналық қызметтермен және құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста», делінген хабарламада.

Білім басқармасының мәліметінше, оқушының сабақ үлгерімі жақсы болған. Мектепте мұғалімдермен және сыныптастарымен ешқандай кекілжің болмаған. 

Тағы да астан улану ма?

Соңғы жаңалықтар