Аралас жекпе-жектен (UFC) жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Конор Макгрегор шаршы алаңда Флойд Мейуэзермен жұдырықтасуы мүмкін. Мәліметтер бойынша, жекпе-жек 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың басында өтеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Ирландиялық спортшының айтуынша, ол жуық арада Лас-Вегасқа барып, боксшының лицензиясын алуға дайындалып жатыр екен.
«Менің ойымша, бұл миллард доллар үшін өтетін бірінші жекпе-жек болады. Кездесу биылғы жылдың соңында немесе келер жылдың басында өтетін шығар. Қазір мен Лас-Вегасқа барып, боксшының лицензиясын алуға дайындалып жатырмын. Содан соң Мейуэзердің ұсынысын күтемін», – дейді Конор worldboxingnews басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін әлемдік БАҚ-та америкалық боксшы Флойд Мейуэзер Конор Макгрегорға кездесу үшін 15 миллион доллар ұсынғаны хабарланған. Алайда, ирландиялық спортшы бұл ақшаны азсынды. Осыдан кейін UFC президенті Дана Уайт екі спортшыға да жекпе-жек үшін 25 миллион доллар ұсынған болатын. Бірақ бұл ұсынысты Мейуэзер қабылдаған жоқ.

Қазақстан алғаш рет Сауд Арабиясына халал өнімді экспорттады
Экспорт • Кеше
Шығыс Қазақстандағы ең көп ішімдік ішетін елді мекен аталды
Аймақтар • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Ауа райы • Кеше
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай күтіледі
Ауа райы • Кеше
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Кеше