Фото: NBC
Төтенше жағдайлармен күрес басқармасының мәліметінше, табиғи апат ірі залал келтірген. 793 үй толық қирап, тағы 2673 үй зақымданған. Сондай-ақ шамамен 337 шақырым жол шайылып кеткен. Кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы алқаптары мен суару жүйелері зардап шегіп, 5800-ден астам отбасыға әсер еткен.
Алдағы күндері синоптиктер ел бойынша жауын-шашын жалғасатынын болжады. Осыған байланысты билік тұрғындарды өзен жағалаулары мен су басу қаупі бар аймақтардан аулақ болуға шақырды.
Су тасқыны мен көшкіндер ел астанасын өңірлермен байланыстыратын негізгі тасжолдарға да зиян келтірген.
Ауғанстан экстремалды ауа райы құбылыстарына осал әрі әлемдегі ең кедей елдердің бірі болғандықтан, мұндай апаттар алғаш рет болып отырған жоқ. Бұған дейін де қалың қар мен кенеттен болған су тасқындары көптеген адамның өмірін қиған.