Ертеден астың адалдығына мән берген халық жылқы еті мен сүтін саламатты өмір салты үшін де пайдаланған. Қымыздың қасиетін терең түсінген ата-бабаларымыз сонау қиын-қыстау кезеңдерде де ұлттық сусыннан қол үзіп кеткен жоқ. Қамбар ата түлігінің қадір-қасиеті де төрт құбыламызды түгендеп тұрғандай. Бірақ соңғы кездері «қымызды немістердің патенттегені» туралы әңгімелер де айтылып қалып жүр еді. Алайда ғасырлар бойы қазақтың қанына сіңген қасиет өзінің игілігімен де ұлттың болмысынан алыстамасы анық.
Жері шұрайлы Жамбыл өңірі – ауыл шаруашылығы үшін де өте қолайлы мекен. Әсіресе жаз жайлауы, қыс қыстауы жылқы малына жайлы. Сондықтан да облыста ұлттық сусынның бәсі жоғары. Осы сөзіміздің дәлелі, жуырда ғана облыстың қымыз өндірушілері бір ұйымға бірігу жөнінде ортақ ұйғарымға келіп, нәтижесінде ұлттық өнім түрін өндірушілердің «Қазақ қымызы» қауымдастығы құрылды.
Жалпы, мұндай ұйым құру туралы бастама өткен жылы қымыз өндіруші кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жетекшілері арасында да көтерілген болатын. Қазіргі таңда бұл бастама облыстан қолдау тауып, шаруашылық жайын шарықтатып келеді.
Қымыздың мың да бір түрлі ауруға ем екені ықылымнан белгілі. Сондай-ақ, саламатты өмір салтын ұстануға да үлкен сеп. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейтін» халықтың да ұлттық брендке деген сұранысы жоғары болады деген үміт зор.
Алмания мемлекеті сыра фестивалін өткізумен, ал Үндістан үнді шайын өндірумен аты шыққан елдер санатында. Әрбір елдің өзіндік ерекшелігі мен қолтаңбасы бар. Ал қазақтың маңдайына бұйырған, талайына сый болып тартылған қымыздың жөні бір басқа.
Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан»
ТАРАЗ

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06