Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Қазақстандағы Швеция корольдігі елшілігінің «IK Foundation» қоры «Апостолы Линнея» энцикопедиясын тарту етті. Салтанатты рәсімге еліміздегі Швеция корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Христиан Камилл арнайы келді.
ХVІІІ ғасырда швед апостолы әрі ботаник Карл Линней өзінің шәкірттерін әлемнің әр тарапына аттандырып, бейтаныс ел мен жердің тыныс-тіршілігі жайлы мағлұматтар жинастыруды тапсырады. Оның ізбасарларының бірі Иоганн Петер Фальк Қазақстанның теріскей аймағын шарлап, Ертіс, Есіл өзендерінің жағалауларын қоныстанған елді мекендер және Петропавл қаласының табиғат, жағрапиялық ерекшеліктеріне қатысты зерттеулер жүргізеді. Сапардан оралған соң алған әсерлері мен баға жетпес деректерді қағазға түсіріп, ұстазына табыстайды.
«IK Foundation» қоры табиғаттың тылсым сырларын зерттеумен көптен бері айналысып келеді. Оның төрағасы Ларс Янсен Иоганн Фальктің жиған-терген жазбаларын солтүстік өңірдің тың ақпараттарымен толықтырып, энциклопедия етіп шығарған. Онда теріскейдің фаунасы мен флорасы, этностар, Есіл өзеніне қатысты деректер топтастырылған. Түрлі иллюстрациялық суреттермен безендірілген.
Ағылшын тілінде жарық көрген Карл Линней шәкірттерінің жазбалары 11 томды құрайды. Осы арқылы Скандинавия елінің тұрғындары Солтүстік Қазақстанға ерекше қызығушылық танытып отыр, дейді елші.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06