Биыл Қостанай өңірінде қар қалың. Боранда үріп жауған қар көптеген жерде жолдарды бөгеп тастайды. Әсіресе, Қарасу ауданындағы Ушаков селосындағылар биыл қыста кең дүниеден бөлініп, аралда қалғандай сезініп отыр. Бас даңғыл мен ауылды қосатын 25 шақырым жолды қар үріп тастай береді. Тау боп үйілген қардан техника жүре алмайды, оны тазалау да мүмкін болмай тұр. Сондықтан, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару отряды құтқарушылары биыл қыста Ушаковқа көз қиығын салып отырды. Әйтеуір телефон байланысы бар, тұрғындар төтенше жағдай қалыптасқанда хабарсыз болмайды. Жақында ғана ақпандатқан боран күндері осы ауылда босануға тиісті әйел мен демікпемен ауыратын ер кісіні жедел ауруханаға жеткізу керек болды. Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару отрядының қызметкерлері жол таңдамайтын ТРЭКОЛ автомобилі жүкті әйелді, науқасты және олардың туыстарын алып, оппа қармен жүріп отырып, 25 шақырым жердегі даңғыл жолға шығарды. Аяғы ауыр әйелді күтіп тұрған жеңіл машина оны Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізді, ер кісіні Қостанайға алып кетті. Құтқарушылардың айтуынша, Ушаков ауылына жететін жолды көмген қардың үстімен құтқару техникаларының өзі зорға жүреді. Қыс бойына қардың тұтқыны болған ауылдан құтқарушылар аяғы ауыр үш әйелді перзентханаға жеткізді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» Қостанай облысы, Қарасу ауданы
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше