Қарағанды облысындағы 182 елді мекенді су басу қаупі бар. Мұнда қазір 29 мыңға жуық адам тұрады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мәлімдеді.
Биыл Арқа жеріне қар қалың түсті. Соның салдарынан өңірдегі су қоймалары мен өзен арналары толып тұр. Қазіргі күні облыста ірілі-ұсақты 228 су қоймасы болса, соның 50-і елді мекендер мен жолдарға жақын орналасқан. Мамандар алдағы аптада өңірді аралап шықпақ. «Барлығы күн райына байланысты», - дейді олар. Егер қар күрт еріп, жаңбыр жауса, қауіп те басым.
«Қардағы судың қоры Нұра, Шерубай Нұра, Көң және Жаман көң өзендерінде нормадан көп болып тұр. Нақты айтатын болсақ, Нұра өзенінде 168 пайыз нормадан жоғары, 148 пайыз Шерубай-Нұра өзенінде және де қардағы судың қоры Жаман көң өзенінде үш есе көп. Бірақ ол төтенше жағдайларға әкеліп соғады деп айтуға болмайды. Өйткені бәрі ауа райына байланысты», - облыстық ТЖД басшысының орынбасары Мұрат Қатпанов.

Тоқаев Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды
Президент • Бүгін, 17:31
Олжас Бектенов Серджио Гор және Кристофер Ландаумен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Үкімет • Бүгін, 17:23
Депутаттар ЛГБТ насихатына заңды түрде тыйым салуды көздеп отыр
Қоғам • Бүгін, 17:09
Спорт • Бүгін, 16:49
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб Ұлттық музейге барды
Президент • Бүгін, 16:17
Атырауда заңсыз айналымнан 30,6 мың литр алкоголь, 9,7 мың тонна мұнай алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:10