20 Ақпан, 2017

Сағадиев: Демалыс күндері мектеп оқушыларына үй тапсырмасы берілмейді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп оқушыларына демалыс күндері үй тапсырмасы берілмеуі керектігін мәлімдеді. «Біздің оқушылар үй жұмысын орындау уақыты бойынша 65 мемлекет ішінде төртінші орын алып тұр. Халықаралық зерттеуге сәйкес, бірқатар мемлекеттерде, соның арасында Қазақстан үй тапсырмаларының көлемі мен білім жетістіктері арасындағы тура арақатынас жоқтығын көрсетеді. Оқыту үдеріс дұрыс жолға қойған жағдайда үй жұмысын азайтуға болады және азайту керек. Мұнымен барлығы келісіп отыр», - деді министр. «Бұл жерде екі нұсқа ұсынылады. Үй жұмысын барлық пәндер бойынша азайтып беру немесе тапсырмаларда тек кейбір пәндерді ғана қамту ескерілуде. Екі жағдайда да үй жұмысын орындау уақыты күніне орта есеппен бір сағатқа азайып, демалыс күндері берілмейді. Бүгінде бұл мәселе педагогтар мен ата-аналардың жаппай талқылауына ұсынылды», – деді Ерлан Сағадиев.