20 Ақпан, 2017

Үлкен Алматы айналма тас жолына 350 млрд теңге қаржы бөлінеді

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыдағы үлкен айналма тас жолына салынатын инвестиция көлемі шамамен 350 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Бауыржан Байбек 2016 жылғы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылау жиынында мәлімдеді. «Өздеріңіз білетіндей, көшедегі көлік кептелісі көптеген ірі мегаполистерде бар. Біз мұны жүйелі түрде шешуді көздеп, транспорттық реформаны бастадық. Елбасы тапсырмасымен соңғы 15 жылда 30 жол айырығын салуға 300 млрд теңге жұмсалды. 2018 жылы аяқталатын тағы екі жол айырығы негізгі көшелердегі кептелісті азайтады», – деді Бауыржан Байбек. Сонымен қатар, әкім "Алтын Орда" базары маңындағы жолды кеңейту жұмыстары биыл басталып, күрделі көлік мәселесін шешетінін айтты. «Айналма жол Батыс Қытай мен Еуропа арасындағы логистикалық хаб ретінде Алматының экономикалық әлеуетін арттырады. Жобаға шамамен 350 млрд теңге инвестиция салынады деп жоспарланған. Бұл жаңадан мыңға жуық жұмыс орнын ашып, алматылық компанияларды жұмысқа тартады», – деді әкім.