20 Ақпан, 2017

Қызылорда облысында минералды тыңайтқыш шығарылады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жылына 100 мың тонна кешенді минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысын бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды аудан әкімдігі. Зауыт іске қосылғанда аймақтың егін шаруашылығының одан әрі дамуына септігін тигізетіні сөзсіз. Себебі, құрамында өсімдіктің өсуіне қажетті бейорганикалық заттары бар минералды тыңайтқыштар топырақтың құнарлығын арттырып, ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға жағдай жасайтыны белгілі, деп хабарлайды аудандық әкімдік. Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбековтің айтуынша зауыт «СКЗ-U» ЖШС жанынан ашылады. Жобаның бизнес жоспары дайын. Зауытты алматылық компаниялар жүзеге асырады.