20 Ақпан, 2017

Әлем бойынша ең қарқынды дамып келе жатқан қалалар

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ең қарқынды дамушы қалалар тізімінің көш басында Үндістанның Бангалор қаласы. Ал екінші орында Вьетнамдағы Хошимин. Үздік үштікте бұлардан кейін Силикон алабы, деп жазады JLL Cities Research Center орталығы. Тізімді құру үшін сарапшылар халық санын, ЖІӨ өсімін, әуе қатынасын, жылжымайтын мүлікке, өнеркәсіпке және өзге де салаларға салынған инвестиция көлемін ескерді. Сарапшылардың бағалауынша, ең басты бес критерий: жылжымайтын мүлікке инвестиция тарту, қала билігі ықпарының өсімі, технологиялық динамика, экологиялық мәселелердің шешілуі мен жаһандану қатерлері. Бангалорда әлемдік деңгейдегі IT мамандары мен технологиялық компаниялары шоғырланған. Сонымен қатар, мұнда стартаптардың көптеп шығарылып жатқаны анық. Сол үшін де жылжымайтын мүлік нарығы қарқын алуда. Хошиминнің екінші орын алуына ықпал еткен сипаты медициналық қызметтің жоғары сапалы түрін ұсынатын әлемдік деңгейдегі амбулаториялық клиниканың болуы. Сонымен қатар инфрақұрылымның көркеюімен бұл жақта экономика да қарқын алуда. Әлем бойынша жалғыз инновациялық экожүйе саналатын Силикон алабы жоғары технологиялар саласында әлемдік алпауыттар үшін тартымды болып тұр. Сонымен, ең қарқынды дамушы қалалардың үздік ондығы төмендегіше: 1. Бангалор 2. Хошимин 3. Силикон алабы 4. Шанхай 5. Хайдарабад 6. Лондон 7. Остин 8. Ханой 9. Бостон 10. Найроби