20 Ақпан, 2017

YouTube ұзақ жарнамалардан бас тартпақ

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2018 жылдан бастап YouTube желісіндегі видеоларда шығатын 30 секундтық жарнамалық роликтер уақыты қысқаратын болды, деп хабарлайды The Verge басылымы Google компаниясына сілтеме жасап.
— Келесі жылдан бастап біз 30 секундтық жарнама роликтерін қабылдамаймыз. Енді тек тұтынушылар мен жарнама берушілерге де тиімді болатын жолды қарастырамыз", дейді компания өкілдері. Басылым Google компаниясының бұл бастамасын жақсы жаңалық деп бағалап отыр. Дегенмен, аталған желіде ұзақ видеожарнамалар болмайды дегенді білдірмейді. Себебі компания 15-20 секундтық жарнамаларды алып тастамайтын болды.