Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 31 қаңтарда өз халқына арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жариялады. Бұл мән-маңызы жоғары құжаттың Қазақстанды одан әрі дамыта түсудегі рөлі ерекше деп ойлаймын.
Қазақстан жаңғырудың бірінші және екінші кезеңдерінен сәтті өтті. Сондай-ақ, Қазақстан әлемдік нарықтағы мұнай бағасының құлдырауынан туындаған қаржылық қиындықтарға қарамастан, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқасында экономикалық өсімге қол жеткізе білді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезеңдерде елді одан әрі дамыта түсу үшін тарих қойнауына енген соңғы 25 жылдағы жетістіктерді ескере отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясы негізінде Төртінші өнеркәсіптік революция талаптарын еңсеру мақсатында Қазақстанның Үшінші жаңғыру міндеттерін күн тәртібіне шығарды.
Президент Н.Назарбаев өзінің Жолдауында бес басымдықты атап көрсетті. Олар: экономиканың жеделдетілген техникалық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, сондай-ақ, институттық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Нұрсұлтан Назарбаев білім беру саласына инвестиция салуға үнемі басымдық беріп келеді. Бұған қоса, Мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында жетекші рөлге ие болған адами капиталдың маңызды екеніне әрдайым баса назар аударады.
Жолдауда көзге бірден түсетіні – үш тілде білім беруге біртіндеп өту мәселесі. 2019 жылдан бастап 10-11-сыныптарда сабақтар ағылшын тілінде жүргізілмек. Бұл – негізінде дұрыс шешім. Өйткені, біз қаласақ та, қаламасақ та ағылшын тілінің қолданыс аясы күн санап өсіп келеді. Ағылшын тіліндегі ақпараттар көлемі арта түсуде. Әлемдік коммуникацияда ағылшын тілі аса жоғары маңызға ие.
Оңтүстік Кореяда да ағылшын тілін қоса пайдалану жөнінде көптеген пікірталастар болды. Бірақ біз әлі бір бәтуаға тоқтаған жоқпыз.
Сондай-ақ, Төртінші өнеркәсіптік революцияға дайындық аясында оқыту жоспарларын қайта қарау Қазақстанның Үшінші жаңғыруының табысты жүргізілуіне мүмкіндік береді.
Қысқасы, ең басты құндылық – адам. Ал адам игілігі үшін атқарылған әрбір іс жемісті болуы тиіс.
Ом Гу ХО,
Ханьян университеті Азия-Тынық мұхиты зерттеу орталығының директоры, профессор (Оңтүстік Корея)

Сұлтан Раев: Қазақстан – әлемді біріктіретін алтын көпір
Сұхбат • Бүгін, 19:18
Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеу аяқталды
Президент • Бүгін, 18:52
Келешек мектептері үшін кадрлар қалай дайындалуда?
Білім • Бүгін, 18:20
Президент халықаралық қауіпсіздікке бағытталған заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 17:57
Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:35
Жамбыл облысында жастарға арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасы басталады
Банк • Бүгін, 17:30