Тәуелсіздіктің әр күні әрбір азаматтан үлкен жауапкершілікті, өз саласы бойынша атқаратын қажырлы да табанды еңбегін талап етеді. Тарих үшін 25 жыл аз ғана уақыт болғанымен, осы жылдар ішінде Қазақстан зор жетістіктерге жетті. Жетістіктердің нақты мысалы мен тізімін санамалай берсең, өте көп. Ең бастысы, сол жетістік елдің игілігіне айналып отыр. Ал ол жетістіктерге жету жолында Президент Н.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі халыққа Жолдауының алатын маңызы зор.
Әр Жолдауда ел өміріндегі маңызды шаруаларға нақты бағыт беріліп, болашақ жоспардың атқарылу жолдары көрсетіледі. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі сол, ел дамуындағы жақсы істерді еселей түсуге, жаңа заман, жаңа уақыт талабына сай әрекет етуге айқын жол нұсқады.
Жолдауда жаңа технологияларды меңгеру, халықтың игілігіне жарату мәселесі егжей-тегжейлі айтылған. Қарап тұрсаңыз, қазір дүние жүзі технологиялық дамудың жаңа әрі жедел қарқынына көшкен. Қазақстан да сол технологиялық жаңалықтан сырт қалмай, өрге бастар өркениетті көштен орын алуы міндет. Ол – жастарға, келер ұрпаққа керек нәрсе.
Одан бөлек, Жолдауда халықтың тұрмысын жақсартуға, әлеуетін көтеруге қатысты да нақты дүниелер айтылыпты. Халық тұрмысы, әлеуметтік жағдайы, бала-шағаның қамы деген қай заманда да маңызды мәселе болған ғой. Сондықтан, Жолдауда халық тұрмысын одан әрі жақсартудың амалдары анық көрсетілгені көңіл қуантады.
Президент белгілеп берген басымдықтарда айтылған дүниелерге біз де өз үлесімізді қосамыз. Біздің қосар үлесіміз, ол – бүгінгі көрерменнің танымы мен талғамына жауап беретін жаңа спектакльдер қою, театрдың репертуарын байыту, шығармашылық ұжымының жан-жақты толысып, өсуі, сапалы жұмыс. Сол арқылы елдің өнерін шет елге шығарып, өзге елдерге көрсету, насихаттау.
Мемлекеттің бағыт-бағдарын айқындап, оны халыққа жеткізіп отыру – Президенттің міндеті. Сондықтан, ел мен жердің жаңа заман көшіне ілесіп, уақыт талабына сай дамуы үшін жасалған Жолдау талаптарын орындау жолында келешектен үміті мен мақсаты бар адамның ешқайсысы тысқары қалмауы тиіс.
Асанәлі ӘШІМОВ,
КСРО халық әртісі,
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі
АЛМАТЫ

Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады
Экономика • Бүгін, 16:59
Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді
Денсаулық • Бүгін, 16:20
Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 16:13
Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29
10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:11
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Қоғам • Бүгін, 14:58
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Білім • Бүгін, 14:47
Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады
Экономика • Бүгін, 14:38
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Экология • Бүгін, 14:12
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40