22 Ақпан, 2017

Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

367 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Іс-шараға Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, республиканың ғылыми ин­тел­лигенция өкілдері мен жо­ғары оқу орындарының про­фес­сор-оқытушылар құрамы қатысты. Конференция жұмысын ҚазҰПУ проректоры, химия ғылым­дарының докторы, про­фес­сор М.Ермағанбетов аш­ты. Конституциялық Ке­ңес­­­тің Төрағасы Игорь Рогов пен Жо­ғар­ғы сот төрағасы Қай­рат Мәми кіріспе сөз сөйле­ді. Өз сөзінде И.Рогов алда­ғы конс­­ти­туциялық рефор­маға тоқ­талып өтті. Ол «Қазақс­тан Рес­­публикасының Конс­титу­циясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жо­басының негізгі аспек­ті­лері­мен таныстыра келе, жұмыс тобы түсіп жатқан ұсыныстарды қорыту жұмыстарын жалғас­тырып жатқанын айтты. Қ.Мәми кіріспе сөз сөйлеу барысында Жолдауды орындау және билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу реформасын жүргізу бойынша судьялар корпусының алдында тұрған міндеттерді іске асыру бағытындағы Жоғарғы соттың жұмысы туралы хабардар етті. Конференцияның күн тәрті­біне сәйкес оған қатысушылар үш секция шеңберінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқы­на Жолдауы тұрғысынан тәуел­сіз Қазақстан Республикасы­ның конституциялық-құқық­тық да­му мәселелерін, жаң­ғыру ке­зе­ңіндегі еліміздің сырт­қы сая­­сатының басымдық­тары мен эко­номикалық өсудің жаңа мо­деліндегі білім беру мәселелерін талқылады. Конференция барысында Білім және ғылым министр­лігінің өкілі – БҒМ Экономика институтының өңірлік экономика және инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі Ф.Әлжанованың, заң ғылым­дарының докторы, профессор С.Сабикеновтің, тарих ғылым­дарының докторы, профес­сор Е.Кузнецов­тың, заң ғылым­дарының докторы, профессор А.Сәбитованың және т.б. қазақ­стандық танымал ғалым­дардың баяндамалары тыңдалды. Конференцияға қатысушы­лар Мемлекет басшысы тал­қылауға ұсынған Конституцияға түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасына жоғары баға берді. Жұмыс тобының қарауына жолданатын бірқатар ұсыныстар айтылды. Конференцияның қорытын­дысы бойынша жаһандану және әлем­дік бәсекелестік жағдайында Қа­зақ­­­станның қазіргі даму кезе­ңінде инновациялық экономи­ка, бизнес-ортаны нығайту, сы­бай­­лас жемқорлықпен кү­рес және жалпы алғанда, ада­ми капи­тал­дың әлеуетін арттыру ел­ді дамытудың, қоғам мен мем­­лекетті одан әрі демокра­тия­­лан­дырудың басты фактор­лары екендігі туралы ортақ пікір біл­дірілді, деп хабарлады Конс­титуциялық Кеңес пен Жоғарғы соттың баспасөз қызметтері.