Басым бағыттағы жобалар қатарында Каспий теңізіне шығу мүмкіндігін кеңейту мақсатындағы «Бейнеу – Сексеуіл» автожолы, Торғай өңірін елордамен байланыстыру бағытындағы «Орталық – Батыс» көлік дәлізі және Шығыс Қазақстандағы туризмді дамытуға ықпал етуді көздеген «Өскемен – Рахман қайнары» автожолының құрлыс жұмыстары бар.
122 нысан қамтылады: Қай өңірлерде жол жөндеу жұмыстары басталды?
Сонымен қатар Кендірлі, Катонқарағай, Зеренді және Баянауыл сияқты демалыс аймақтарына апаратын жолдар жөнделіп жатыр. Көлік министрлігінің мәліметінше, өңірлерде туристік нысандарға қолжетімділікті жақсарту мақсатында қосымша 33 жоба іске асырылуда.
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Жол инфрақұрылымымен қатар жол бойындағы қызмет көрсету нысандары – жанармай құю бекеттері, қоғамдық тамақтану орындары және демалыс алаңдары жаңартылады. Алакөл көліне ерекше көңіл бөлініп, Қабанбай ауылы маңында көлік ағынын азайту үшін айналма жол салу жоспарланған.
Нұрболат АМАНБЕК