22 Ақпан, 2017

Мысыр нарығына шығу мүмкіндігі

263 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астана қаласында Қазақстанның сырт­қы сауда палатасының төрағасы Аян Еренов пен Мысыр Араб Республикасының ин­дустриялық жаңғырту орталығының ат­қарушы директоры, ЭКСПО-2017 бас ко­миссары Ахмед Таха ын­тымақтастық ту­ралы меморандумға қол қой­д­ы. Шараға ар­найы келген мысырлық делегация құрамында Мысыр Араб Рес­публикасының Қазақстандағы елшісі Хайтам Камель, «ІМС» мысырлық жиһаз саласының жетекшісі Лей­ла Адель және басқалар бар. Сыртқы сауда палатасы төрағасының орын­ба­сары Нұралы Бөкейхановтың айтуынша, атал­ған құжаттың негізінде екі ел арасындағы эко­номикалық қарым-қа­тынастарды жан­дан­дыруға толық мүм­кін­дік бар. «Бұл меморан­дум екі ел ара­сын­дағы қатынасты, жаңа ба­ғыт­тағы эко­номикалық дамуды жақсартады. Біз Мы­сыр мемлекетіне өз өнімімізді сатамыз. Бас­тысы, ауылшаруашылық өнімдері жүйелі түр­­де экспортталатын болады. Мысырды қазақ­стандық бидай мен қой еті қызықтырады, бұл – отандық кәсіпкерлерге шетел нарығына шы­ғуға үлкен мүмкіндік. Қазіргідей теңгенің бас­қа валюталарға қатынасы төмендеп тұр­ған кезеңде қой етін Мысырға тасымалдау тиім­ді. Бұл жағ­д­ай қазақстандық тауардың бә­се­ке­лес­­­тік қабілеттілігін арттырады», деді Н.Бөкейханов. Мамандар сөзіне қарағанда, Мысыр сырт­­тан жылына 100 мың тонна ет сатып ала­ды екен. Соның 5 пайызы Қазақстанға тие­сілі болса, кәсіпкерлеріміздің жыл сайын 5 мың тоннаға дейін қой етін сатуға мүм­кін­діктері бар. Бұдан басқа, Мысырға бидай, ұн және жасымық сынды дәнді да­қыл­дар да экс­портталады. Жүйелі экспорт­тау биылдан бастап қолға алынады. Шы­ғыс­қа тауар жө­нел­ту­де айтарлықтай әкім­ші­лік кедергілер жоқ кө­рі­неді. Араб ел­деріне ең бастысы халал сер­тификациясы мен сапа стандарттары керек. Ал бұл та­лап­­­тармен жергілікті кәсіпкерлер жақ­сы та­ныс. «Қазіргі таңда екі ел арасындағы тауар ай­налымы 49 млн АҚШ долларын құрайды. Оның 17 миллионын Мысыр елінен бізге әке­лі­нетін тауарлар құрайды, олар – көбіне фар­мацевтикалық өнімдер. Қалған сома отан­дық экспортқа тиесілі», деді Сыртқы сауда па­ла­та­сының өкілі. МАР Индустриялық жаңғыру орта­лы­ғы­ның ат­қарушы директоры Ахмед Таха­ның айтуынша, елордада биыл өтетін ха­лықаралық көрмеге 300-ден 500-ге дейін түр­лі саладағы мысырлық компания қа­ты­сады. «Бүгінде Қазақстан мамандарына 32 танымал мекемеміз туралы то­лық мәліметті бердік. Мысыр Қазақстан үшін Аф­рика мемлекеттеріне мүмкіндік ашатын қақ­па болмақ. Ынтымақтастығымыз жақсы қар­қында дамиды деп сенемін», деді ол. Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»