Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті қола жүлде түсті.
Трамплиннен секіруден 254.0 нәтиже көрсеткен Күншығыс елінің спортшысы Юкия Сато алтын медальға қол жеткізсе, күміс оның отандасы Юкен Ивасаға (251.0) бұйырды. Ал қоланы отандасымыз Сергей Ткаченко (238.0) алды.
Сонымен қатар, ел атынан сынға түскен Марат Жаппаров (198.5) жетінші орынға орналасса, Сабыржан Мүмінов пен Константин Соколенко (178.5) жарысты тоғызыншы болып аяқтады.
Айта кетейік, ел қоржынында осымен 5 медаль бар: бір алтын, екі күміс, екі қола.

Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Спорт • Кеше
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Шаруашылық • Кеше
Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды
Оқиға • Кеше