22 Ақпан, 2017

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, қар жауады

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздің кей өңірлерінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауады, ал оңтүстік өңірлер жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, қар борап, жел күшеюі ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын жүреді, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде екпіні 25 м/с жетеді. Алматы облысында түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с жылдамдықпен соғады. Жамбыл облысының кей тұстарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының жекелеген аймақтарында тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18 м/с жетіп, аздап боран соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады. Солтүстік Қазақстан облысында аздап боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде Павлодар облысынының кей жерлерінде қар борап, желдің күші 15-20 м/с дейін артады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман,түнде аздап бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.