22 Ақпан, 2017

Астана әкімдігі Шұбар шағын ауданын сүру туралы шешім қабылдады

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана әкімдігі Шұбарды сүруге дайындалуда. Жер үйлер орналасқан шағын ауданды сүру туралы мәселе жиырма жылдан бері талқыланып келеді. Естеріңізге сала кетейік, архитектуралық жобаны іске асыруға ондағы нысандардың қымбаттығы кедергі келтіруде. Мәселен, Шұбардағы бір үйдің бағасы 200 млн теңгеден асып кетеді. Ал бюджет ақшасы сүрілген үйлердің иесіне өтемақы төлеуге жетпейді. «Крыша» сайтының жазуынша, 2017 жылдың ақпан айында Әсет Исекешев Шұбарды сүру туралы құжатқа қол қойған. Нәтижесінде, сүрілген нысандардың орнына салынатын бірінші жоба орта білім беретін мектеп құрылысы. Алдағы уақытта сүрілетін нысандардың толық тізімі жарияланады. Жоспар бойынша, Астана бас жоспарында Шұбарда екі мектеп салынбақ. Оның бірі Оңдасынов көшесінде болса, екіншісі 78-ші көшеге жақын жерде. Ертеректе Шұбарда ірі көпқабатты нысандар салынады делінген еді. Дегенмен, әзірге бұндай жобаға қаржы салатын инвестор табылмай отыр.