Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Леверкузеннің «Байері» өз алаңында Мадридтің «Атлетикосын» қабылдап, 2:4 есебімен есе жіберді.
Матчтағы алғашқы гол 17-минутта соғылды. Сауль Ньигестің айналдыра бағыттаған соққысы қақпаның торынан бір-ақ шықты. Араға 8 минута салып мадридтіктер басымдықты арттыра түсті. Алаң иелерінің қателігін ұтымды пайдаланған Антуан Гризманн мүмкіндігін мүлт жібере қоймады. Леверкузендіктердің де гол соғатын сәттері болған, алайда алғашқы таймда тиімді пайдалана алмады.
Кездесудің екінші бөлігі «Байер» ойыншылары үшін сәтті басталды. 48-минутта Карим Бельараби әріптесі Бенджамин Хенрихстен келген допты қақпаға дәл бағыттай білді. Бірақ қарқынан таймаған Диего Симеоне шәкірттері шабуылын үдете түсті. 59-минутта Кевин Гамейроға қарсы ойын тәртібі бұзылғаннан кейін төреші пенальти белгіледі. Оны франциялық ойыншының өзі орындап, командасының үшінші голын соқты.
Кездесудің 68-минутында есеп тағы да өзгерді. Сол қапталдан Юлиан Брандтың добын Ян Облак қайтарамын деген ойы жүзеге аспай, нәтижесінде Стефан Савичтің аяғына тиіп, өз қақпасына кіріп кетті. Дегенмен, «Атлетико» да қарап қалмады. Алған беттерінен таймай, басымдықты арттыру үшін барын салды. Нәтижесінде 86-минутта Фернандо Торрес мергендігімен танылып, нүктені қойды.

Батыс Қазақстанда газ бағасы арзандады
Қоғам • Бүгін, 18:20
Қазақы тазының тұқымын жандындыру мақсатында көрме өтті
Алматы • Бүгін, 17:47
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 17:08
Жетісуда Республика күніне орай 35 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:50
Медицина қызметкерлері мерекені «Есік» мұражайында өткізді
Мәдениет • Бүгін, 16:14
Сахнада жасанды интеллект: Қорғаныс министрлігі Республика күніне арналған бірегей концерт өткізді
Республика күні • Бүгін, 15:55