22 Ақпан, 2017

Сыр өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқау өтті

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылордада «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында конкурс өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат. Шараға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов, «Ұшқын» қоғамдық бірлестігі төрағасы Б.Жұмашев және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Байқау алдында бірлестіктегі мүгедек жандардың қолынан шыққан бұйымдар таныстырылды. Бірлестік төрағасы Б.Жұмашев бұл бастаманың ертеректе бой көтергенін, қазіргі таңда бірлестік 50 мүгедек жанның табыс табар орны екенін және қолөнер бұйымдарын сатылымға шығару жолы қарастырылып жатқандығын айтып өтті. Мұнда шеберлер қолөнерден бөлек пластиктен есік-терезе жасап, ағаштан түрлі жиһаздар дайындайды. Олардың арасында тігін цехында жұмыс істейтіндер мен жарнама агенттігі материалдарын әзірлейтіндер де бар.  Конкурс барысында шеберлер өздерін түрлі қырынан, әр салада жасалған жұмыстарын көрсетті. Партия тарапынан жоғары бағаланған осы бұйымдардың алдағы уақытта базар дүңгіршіктерінің бірінен орын алып, сатылымға шығуына көмек берілетіні айтылды.