22 Ақпан, 2017

Павлодарда алюминий өндіретін зауыт ашылады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осы жылдың шілде айынан бастап «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында қоспалы алюминий өндірісі іске қосылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Компания өкілдері жергілікті атқарушы органдармен де, «Павлодар» АЭА-ның басшылығымен де белсенді қарым-қатынас орнатуда. Алайда, цех жұмысына қажетті шет елдік құрал-жабдықтарды елге әкелумен қиыншылықтар туындап жатыр. Жобалау-сметалық құжаттары дайын болмайынша,  жабдықтарды орнату мүмкін емес. Компания басшылығы болса, өндіріс іске асырылатын кезде барлық құжаттар дайын болады деп уәде беріп отыр.