22 Ақпан, 2017

Теңгенің бағамы тағы да рекорд жаңартты

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша бүгін, 22 ақпан күні, 1 АҚШ доллары 314,82 теңгеге тең болып, 14 айлық рекордты тағы да жаңартты. Айта кетейік, ең соңғы рет ұлттық валютаның бағамы бұл деңгейде 2015 жылдың 13 желтоқсан күні тіркелген еді. Ол кезде бір күн ішінде АҚШ доллары 311,92 теңгеден 317,25 теңгеге қымбаттаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, кеше мұнай бағасы да 2015 жылдың желтоқсанынан бергі ең жоғарғы бағаға қымбаттаған болатын.