GPS TomTom компаниясы әлем бойынша кешкі уақыттарда ең ұзақ кептеліс болатын қалалардың рейтингін жариялады, деп жазады CNN. Оған 48 мемлекет бойынша 390 қала қатысқан. Аталған рейтингті жасау үшін GPS TomTom өндірушісі осы қалалардың барлығындағы жол трафигін бақылауға алған.
2017 жыл рейтингі бойынша кешкі уақытта ең көп кептеліс болатын қалалар тізімі:
- Бангкок, Тайланд;
- Мехико, Мексика;
- Бухарест, Румыния;
- Джакарта, Индонезия;
- Мәскеу, Ресей;
- Чунцин, Қытай;
- Ыстамбұл, Түркия;
- Санкт-Петербург, Ресей;
- Чжухай, Қытай;
- Сантьяго, Чили;
- Гуанчжоу, Қытай;
- Шицзячжуан, Қытай;
- Шэньчжэнь, Қытай;
- Лос-Анджелес, АҚШ;
- Бейжің, Қытай.