Әлем елдерінің басым көпшілігінде мемлекет басшысы ұлттық заңнаманың негізінде мемлекеттік қызметтің түрлі салаларында кең ауқымды құқыққа және өкілеттіктерге ие болады. Бұған қоса, тәжірибе көрсеткендей, бір елде мемлекет басшысының өкілеттігін шынайы түрде, ал кейде формальді түрде шектеу үдерісі кездесіп жатады. Мұндай кезде оның орнына үкімет немесе үкімет басшысы ие болады. Ал кейбір елдерде, керісінше, мемлекет басшысы құзыретінің барынша кеңею үрдісі байқалады. Мұндай үрдіс тіпті, конституцияға және басқа да заңнама актілеріне қарама-қайшылық туғызатындай дәрежеде шектен шығып кетуі де мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді орнымен бөлу және оны оңтайлы түрде қалыптастыруға қадам басу – кез келген өркениетті елдің одан әрі тиімді дамуы үшін маңызды мәселе.
Билік тармақтары арасында құзыреттерді ұтымды және үйлесімді бөлу кезінде кездесетін түйткілді мәселелер мемлекеттің дамуы мен демократияның қалыптасуына әсерін тигізбей қоймасы анық. Міне, осындай жайттарды ескере келе, Қазақстан бұл мәселені дер кезінде қолға алды. Бүгінде маңызды сипатқа ие болып отырған жүйелі реформалар жүзеге асырылып, қазірдің өзінде өзінің оң нәтижелерін көрсете бастады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекші рөлінің арқасында Қазақстан әлемдік қоғамдастықпен белсенді түрде ынтымақтастық орнатып келеді.
Ал енді мемлекет Президент, Парламент және Үкімет арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесін күн тәртібіне қойып отыр. Шынында да, Парламент және Үкімет өкілеттіктерінің кеңеюі мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді әрі ұтымды болуына ықпал етеді және елде жүзеге асырылып келе жатқан реформалар аясындағы олардың рөлін күшейте түседі.
Сонымен қатар, басқа елдердегі секілді Қазақстандағы Парламент және Үкіметтің өкілеттіктерін кеңейтудегі басты мәселе – олардың саяси жауапкершіліктерін арттыруға ықпал ету. Себебі, лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін әділ әрі қалтқысыз атқара білуінің нәтижесінде өзекті мемлекеттік мәселелерді шешуге және оларды жүзеге асыруға қол жеткізуге болады.
Оксана ПАРХОМЕНКО-КУЦЕВИЛ,
Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, «Мемлекеттік басқарудың ғылым докторлары жалпыукраиналық ассамблеясы» қоғамдық ұйымының бірінші вице-президенті (Украина)

Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Елорда • Бүгін, 17:51
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Оқиға • Бүгін, 17:43
Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады
Туризм • Бүгін, 17:12
Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды
Спорт • Бүгін, 17:03
ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 16:32
Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды
Ғылым • Бүгін, 16:16
Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды
Есірткі • Бүгін, 15:55
ҚазҰУ-да үстел үсті спорттық ойындарынан чемпионат өтті
Спорт • Бүгін, 15:34
Балқаштан Алматы мен Астанаға тікелей рейстер іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 15:25
Allur «Еңбек Жастары» волонтерлік қозғалысын іске қосты
Волонтер • Бүгін, 15:15
Қазақ файтерлері қарсыластарын нокаутпен жеңді
Спорт • Бүгін, 15:10
Атырау облысындағы тексерістен кейін полиция басшылары қызметінен шеттетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:03