Дәстүрлі Жолдаудың: «Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын», деп басталуы тегін емес. Мемлекет басшысы «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді. Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі ұлтқа берілген мүмкіндік», дегенді жайдан-жай айтып отырған жоқ.
Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін жасауда шетелдегі 5 миллионға жуық қандасымыздың әлеуметтік, демографиялық, мәдени, экономикалық және саяси әлеуеті де назардан тыс қалмайды деп үміттенеміз. Олармен мәдени қарым-қатынас орнатып, ұлттық рухани тұрғыдан қолдау көрсетіп жүрген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Елбасы Жолдауында айтылған Қазақстанды жаңғыртудың бес негізгі басымдығын насихаттау және түсіндіру жұмысын жоспарға сай жүргізетін болады.
Бұл бағытта жылдағы дәстүр бойынша, Жолдаудың мәтінін Қытайдағы қазақтар үшін Ахмет Байтұрсынов әліпбиі бойынша, Ресейдегі қазақтар үшін кириллицамен, Еуропадағы қазақтар үшін латын әліпбиімен орыс, өзбек, моңғол, ағылшын және сұранысқа қарай өзге де тілдерге аударамыз. Оны шетелдегі ұлттық-мәдени орталықтар арқылы және Қауымдастық ұйымдастыратын және оның атсалысумен өтетін түрлі құрылтайлар, конференциялар, дөңгелек үстел жиындары мен мәдени, спорттық және тағы басқа да шараларда шетелдегі қандастарымызға тарататын боламыз. Сондай-ақ, Қазақстанның жетекші ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің көмегімен түсіндіру, талдау, насихаттау жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы, Тәуелсіздік жылдары атажұртқа оралған 1 миллионға жуық қандасымыз Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқанын бүгінде ешкім жоққа шығармайды. Оның ең маңыздысы олардың мемлекет құраушы ұлттың кеңестік дәуірде құлдырап кеткен үлесін, өзінің тарихи орнына қайта шығаруы деуге болады. Шетелден келген қандастарымыз өзімен бірге адами капиталын ғана емес, шетелдік қаржы мен технологияны инвестициялауға жол ашты. Бұл үрдіс алдағы уақытта да үзіліссіз өз жалғасын таба беретін болады.
Бабаларымыздың «Елге ел қосылса – құт» деген нақылы осындай жағдайға орай айтылғаны күмәнсіз. Елдігіміздің баянды, мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуы тек қазақстандықтардың ғана емес, сыртта жүрген қазақтардың да асыл арманы.
Талғат МАМАШЕВ,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
Төралқа Төрағасының бірінші орынбасары
АЛМАТЫ

«Наурыз» бағдарламасы бойынша 16 мың салымшы іріктеуден өтті
Қоғам • Бүгін, 13:55
Қарағанды облысының полициясы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтті
Қоғам • Бүгін, 13:36
Су тасқыны: Ақмола облысында жағдай қалай?
Қоғам • Бүгін, 13:13
LRT желісінде 15 пойыз қатынайды
Елорда • Бүгін, 12:53
Жаңа рекорд: «Артемида-2» экипажы Жерден ең алыс ұшқан топ атанды
Әлем • Бүгін, 12:45
«7-20-25» ипотекасы: Алаяқтар кезекті жеделдетіп беремін деген желеумен халықты алдауға көшті
Бағдарламалар • Бүгін, 12:30
Премьер-министр Алматы ЖЭО-ларына қатысты объективті ақпарат беруді тапсырды
Энергетика • Бүгін, 12:15
«Qarmet» энергия тапшылығын жаңа блоктар арқылы жаппақ
Энергетика • Бүгін, 12:04
Панамадағы алапат өрт: Танкер жарылысынан бір адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 11:55
Семейде қуаты 360 МВт болатын ЖЭО-3 салынады
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Елімізде импорттық тауарлардың бағасы бірнеше пайызға арзандауы мүмкін
Экономика • Бүгін, 11:31
Сабыржан Аққалықов Моңғолия боксшысын мерзімінен бұрын жеңді
Бокс • Бүгін, 11:16
Интернетте анонимділік жоқ: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:03
Еліміздегі көмір қорының көлемі қанша жылға жетеді?
Өндіріс • Бүгін, 10:53