Әлем • Бүгін, 11:55

Панамадағы алапат өрт: Танкер жарылысынан бір адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Панаманың Ла-Бока ауданында орналасқан мұнай қоймасы маңында жанармай танкерінде күшті жарылыс пен өрт болды. Оқиға жақын маңдағы Panama Oil Terminals S.A. компаниясының нысандары жанында тіркелген, деп жазады Egemen.kz.

Панамадағы алапат өрт: Танкер жарылысынан бір адам қаза тапты

Фото: Видеодан алынған кадр

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға танкер бортында шыққан өрттен басталған. Жанған отын кейін жарылысқа себеп болып, жалын жақын тұрған бензин тасушы көліктерге тараған.

Панаманың өрт сөндіру қызметі хабарлағандай, апат салдарынан бір адам қаза тапты. Марқұм – компания қызметкері болуы мүмкін, ол өрт пен кейінгі жарылыс кезінде цистерналар ішінде қалып қойған.

Солтүстік теңізінде мұнай танкері мен жүк кемесі соқтығысты

Сонымен қатар бірнеше адам жарақат алған. Алайда олардың өміріне қауіп жоқ, қазір олар медициналық мекемелерде тексеруден өтіп жатыр. Компания қызметкерлері арасында да жеңіл жарақаттар тіркелген.

Панама прокуратурасы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады. Тергеу Америка көпірі маңында жүргізіліп отыр. Мамандар техникалық сараптама жүргізіп, дәлелдер жинауда және куәгерлерден жауап алынып жатыр. Яғни, ықтимал кінәлі тұлғалар және оқиғаның нақты себептерін анықтау көзделіп отыр.

Иран Дубай жағалауындағы алып мұнай танкеріне соққы жасады

Соңғы жаңалықтар