Семейде энергия тапшылығын жою үшін қуаты 360 МВт және жылу қуаты 1000 Гкал болатын ЖЭО-3 салу жоспарланған. Сондай-ақ Курчатов қаласында 700 МВт-тық конденсациялық электр стансасын және қуаттылығы жылына 800 мың тоннадан асатын аммиак пен карбамид өндіретін кешен салу көзделген. Жобалардың жалпы құны 1,5 трлн теңгеден асады.
«Аталған жобаларды жүзеге асыру облыстың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қуат тапшылығын азайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыруға тамаша мүмкіндік береді. Семей қаласында жобаның басталуы биылға, аяқталуы 2029 жылдың соңына жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл жұмыстар энергияға деген қажеттілікті толығымен жабуға мүмкіндік береді», деп атап өтті Берік Уәли.