Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын кеңінен әрі терең талқылау мерзімі аяқталып келеді. Осыған орай, елордаға Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының (Венециялық комиссия) сарапшылары ат басын тіреген еді. Олар Қазақстан Республикасы Президентінің бүкілхалықтық талқылауға шығарған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын мемлекеттік органдар және ұйымдармен талқылауға қатысты. Осы беделді еуропалық құрылым делегациясының құрамына Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының өңірлік ынтымақтастық бөлімінің басшысы С.Кузнецов, Грузияның бұрынғы әділет министрі және Конституциялық сотының төрағасы Г.Папуашвили және конституциялық құқықтың басқа да мамандары енген екен.
Жалпыға мәлім, Венециялық комиссия Еуропа Кеңесінің құқықтық сараптау органы болып табылады. Құқық саласында идеялармен алмасудың халықаралық деңгейде танылған құқықтық форумы бола отырып, ол конституциялық құрылыс мәселелері бойынша мемлекеттерге сараптамалық-әдіснамалық көмек көрсетеді. Қазақстан 1998 жылдан бастап Венециялық комиссияда байқаушы мәртебесіне ие, ал 2012 жылы оның толық мүшесі атанды.
Осыған орай, Астанада аталған шетелдік әріптестер мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобымен кездесті. Кездесу барысында талқылауға түскен заң жобасының басты мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Жұмыс тобының мүшелері жаңа енгізулер бойынша толыққанды түсініктеме беріп, сарапшылардың сұрақтарына жауап қайтарды.
Осы мәселелер бойынша Конституциялық Кеңес Төрағасы И.Роговпен, Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмимен, Бас Прокурор Ж.Асановпен және Әділет министрі М.Бекетаевпен кездесті. Онда жекелеген құқықтық институттарды қайта жаңғырту барысын қарау мен нақтылау, соның ішінде: конституциялық бақылау, сот құрылымы және сот ісін жүргізу, прокурорлық қадағалау, Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарда бекітілген өкілеттіктерін қайта бөлу және т.б. мәселелер туралы сөз қозғалды.
Сондай-ақ, шетелдік сарапшылар Қазақ гуманитарлық заң университетінде (ҚазГЗУ) болып, оның профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Венециялық комиссия сарапшылары конституциялық реформаның басты өлшемдерін оң бағалады.
Олардың айтуынша, Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған еліміздің конституциялық құрылымындағы өзгерістер еуропалық конституциялық мұраның басты қағидаларына сай келеді және мемлекетті басқару жүйесін демократияландыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан»
• 24 Ақпан, 2017
Мемлекетті демократияландыру жолындағы маңызды қадам

«Наурыз» бағдарламасы бойынша 16 мың салымшы іріктеуден өтті
Қоғам • Бүгін, 13:55
Қарағанды облысының полициясы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтті
Қоғам • Бүгін, 13:36
Су тасқыны: Ақмола облысында жағдай қалай?
Қоғам • Бүгін, 13:13
LRT желісінде 15 пойыз қатынайды
Елорда • Бүгін, 12:53
Жаңа рекорд: «Артемида-2» экипажы Жерден ең алыс ұшқан топ атанды
Әлем • Бүгін, 12:45
«7-20-25» ипотекасы: Алаяқтар кезекті жеделдетіп беремін деген желеумен халықты алдауға көшті
Бағдарламалар • Бүгін, 12:30
Премьер-министр Алматы ЖЭО-ларына қатысты объективті ақпарат беруді тапсырды
Энергетика • Бүгін, 12:15
«Qarmet» энергия тапшылығын жаңа блоктар арқылы жаппақ
Энергетика • Бүгін, 12:04
Панамадағы алапат өрт: Танкер жарылысынан бір адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 11:55
Семейде қуаты 360 МВт болатын ЖЭО-3 салынады
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Елімізде импорттық тауарлардың бағасы бірнеше пайызға арзандауы мүмкін
Экономика • Бүгін, 11:31
Сабыржан Аққалықов Моңғолия боксшысын мерзімінен бұрын жеңді
Бокс • Бүгін, 11:16
Интернетте анонимділік жоқ: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:03
Еліміздегі көмір қорының көлемі қанша жылға жетеді?
Өндіріс • Бүгін, 10:53