Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпова алдағы жоспарының күрт өзгеруіне байланысты фильмдерге түсуден бас тартқанын мәлімдеді. Бұл туралы allfight.ru хабарлады.
Алғашында Шәріпованың титулды жекпе-жек өткізетіні хабарланған.
«Титулды айқас үшін біраз қаржы керек болды. Ал біз әзірге демеуші таба алмадық. Оның үстіне бапкерім де ауысты. Ол кісі де менің шаршы алаңдағы күшімді байқап көргісі келеді. Сол үшін біз рейтингті ұрыс өткізу жөн деп санадық», – дейді боксшы қыз.
Фирузаның бұл жолғы қарсыласы да кәсіпқой рингке жаңадан келген боксшы. «Қазіргі уақытта қарсылас табу оңай шаруа емес. Көбісі бас тартады немесе қомақты қаржы сұрайды. Дебютант дегенде тәжірибесі аз екен деп ойламаған жөн. Юлия Чернобородова үлкен турнирлерде топ жарған мықты боксшы. Кәсіпқой боксқа алғаш рет шығайын деп тұрғандықтан алты раундтан ұзай алмаймыз», – деді Шәріпова.
«Соңғы күндері жоспарымыз күрт өзгеріп кетті. Қазақстаннан, Ресейден түрлі киноларға, бағдарламаларға түсу жөнінде ұсыныстар түскен. Жақында Голливудтың режиссерлерімен танысу үшін әрі кастингтерге қатысу үшін Америкаға жол жүрмек болғанбыз. Мен түсетін «Игра престолов» фильмі де болған. Бірақ бәрінен бас тартуға мәжбүр болдық. Себебі, бокс мен үшін бірінші орында. Чемпиондық жекпе-жегіме дейін жеке шаруама уақытым болмайды», – деді қазақстандық боксшы қыз.
«Юлия Чернобородоваға қарсы айқасым әлем чемпиондығы үшін өтетін ұрысыма дейінгі дайындық болмақ. Ал одан кейін сәуір айында Мәскеудегі «Бокс академиясында» тағы да рингке шығуды жоспарлап отырмыз. Ол титулды жекпе-жек болуы тиіс. Жоспарымыздың бәрін қаржы мәселесі ұстап тұр. Осы іс шешілгеннен кейін тәжірибесі көп, чемпион қыздардың бірін жекпе-жекке шақырамыз. Қазірдің өзінде әлемдегі жетекші ұйымдардың бірінен рейтингі жоғары боксшылардың бірімен титулды ұрыс өткізу жөнінде алдын ала рұқсатын алдық», – деді боксшы қыз.
«О баста бір компаниямен демеушілік мақсатында келісімшартқа қол қойғанбыз. Бірақ олар өз міндетін орындаудан бас тартты. Одан бөлек көптеген мекемелер қаржылай көмектесетіндерін айтқан. Бірақ бәрі сөзбен ғана шектелді. Қазір командам демеушілер іздеумен айналысып жатыр», – деді Фируза Шәріпова.
Айта кетейік, Фируза Шәріпова 4 наурыз күні Юлия Чернобородовамен жұдырықтасады.
• 24 Ақпан, 2017
Фируза Шәріпова: Қаржы мәселесін шеше алмай отырмыз

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр
Елорда • Кеше
Алматы зообағында Амур жолбарысы күшіктеді
Жануарлар • Кеше
Алматы тауларында турист ауыр бас жарақатын алды
Оқиға • Кеше
Қостанай облысында су тасқыны салдарынан жол жабылды
Аймақтар • Кеше
Мысыр баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарылды
Оқиға • Кеше
Қазақстанда 72 мың бала дене шынықтыру сабағынан босатылған
Қазақстан • Кеше
Найзағай және қатты жел: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында жол опырылып түсті
Оқиға • Кеше
Ақтөбе облысында шенеунік пен екі депутат 672 млн теңге жымқырған
Жемқорлық • Кеше
Шымкентте балаларын қорлаған анаға сот үкімі шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе облысында орман қорының аумағы 30% ұлғайды
Қоғам • Кеше
Шымкентте Қазақстанның цифрлық экономикасының болашағы талқыланып жатыр
Технология • Кеше