Астанада қалалық футбол федерациясының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы футбол біріншілігінің алғашқы маусымы аяқталды. Жарысқа барлығы 11 команда қатысты.
БАҚ лиганың алғашқы маусымында ешкімге есе жібермеген «Хабар» арнасының жігіттері 26 ұпаймен чемпион атанса, соңғы турға дейін бұл атақтан үміткер болған «Қазақ радиосы» 23 ұпай еншілеп, екінші орынға ие болды. Ал үздік үштікті 19 ұпаймен «Sportsffa.kz» командасы түйіндеді.
«Журналистер арасындағы біріншілік міне, өз мәресіне жетті. Бұл алдағы уақытта өз жалғасын табады. Келесі чемпионат осы жылдың мамыр айында басталады. Аздаған өзгерістер де болады. Жарысқа қатысып, қызықты өтуіне атсалысқандарыңызға алғыс білдіремін. Олай болса, мамыр айына дейін кездескенше», - деді Астана қаласы футбол федерациясының бас менеджері Ғалым Кенжалинов.
Үш айға жуық уақытқа созылған біріншілікте барлығы 24 гол соққан «Спорт 59» ұжымының шабуылшысы Сапарғали Қанат үздік сұрмерген атанып, «Алтын бутса» сыйлығы мен үздік шабуылшы номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар, «үздік қақпашы» «Хабар» командасының намысын қорғаған Айбек Қабылшаға берілсе, «үздік қорғаушы» атағына «Sportsffa.kz» ойыншысы Арай Ізбай ие болды. Ал журналистер арасында ерекше ойынымен көзге түскен «Хабар» ұжымының капитаны Нұрсұлтан Құрман «үздік ойыншы» атанды.
«Көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Әріптестеріміз жылы пікірлерін білдіріп жатыр. Келесі маусым бұдан да қызықты әрі тартысты өтеді деп сенемін. Алдағы уақытта қазақ спорт журналистикасына еңбегі сіңген тұлғалардың есіміне арналған жұлдыздар матчын өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді БАҚ лиганы ұйымдастырушылардың бірі Әзиз Жұмаділ.

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр
Елорда • Кеше
Алматы зообағында Амур жолбарысы күшіктеді
Жануарлар • Кеше
Алматы тауларында турист ауыр бас жарақатын алды
Оқиға • Кеше
Қостанай облысында су тасқыны салдарынан жол жабылды
Аймақтар • Кеше
Мысыр баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарылды
Оқиға • Кеше
Қазақстанда 72 мың бала дене шынықтыру сабағынан босатылған
Қазақстан • Кеше
Найзағай және қатты жел: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында жол опырылып түсті
Оқиға • Кеше
Ақтөбе облысында шенеунік пен екі депутат 672 млн теңге жымқырған
Жемқорлық • Кеше
Шымкентте балаларын қорлаған анаға сот үкімі шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе облысында орман қорының аумағы 30% ұлғайды
Қоғам • Кеше
Шымкентте Қазақстанның цифрлық экономикасының болашағы талқыланып жатыр
Технология • Кеше