Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының шешімімен Абай Сарқұлов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды аталған қордың баспасөз қызметі.
Абай Сарқұловтың қаржы саласында 13 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. «Бәйтерек» холдингі компаниясының тобында 2008 жылдан қызмет етуде. Еңбек жолын инфрақұрылымдық жобаларға кредит беруді басқару менеджерінен бастаған ол соңғы уақытта «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетін аяқтаған. «Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның миссиясы қаржы институттарының ауқымды спекторын және бизнесті дамыту бағдарламаларын қамтитын кешенді қолдау арқылы Қазақстанның шағын және орта бизнесін сапалы дамытуға ықпал ету болып табылады.
• 27 Ақпан, 2017
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жаңа басшы тағайындалды

Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Экспорт • Кеше
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Қазақстан • Кеше
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше