ММА спортында ешкімге есе жібермеген ресейлік Хабиб Нурмагомедов алдағы екі жылда мансабын аяқтайды. Бұл туралы оның әкесі әрі жаттықтырушысы Хабиб Абдулманап Нурмагомедов мәлімдеді, деп хабарлады allfight.ru
«Әрбір спортшының бойында белгілі бір деңгейде күші болады. Уақыт өте келе оның да аяқталатын кезі келеді. Қазір Хабиб 28 жаста, екі жылдан кейін 30-ға келеді. Осы уақытта мансабын аяқтауы қажет. Жекпе-жектерге шығуы үшін шамамен бір жарым екі жылдың көлемі қалды. Айқастардан бөлек оның атқаруы тиіс жұмыстары көп», – деді Хабиб Нурмагомедовтің әкесі.
Айта кетейік, аралас жекпе-жекте ешкімге есе жібермеген ол UFC чемпионы Конор Макгрегорды жекпе-жекке шақырған. Ал ирландиялық келер жылдың басында боксшы кіші Флойд Мэйуезермен шаршы алаңға шығуды жоспарлап отыр.
• 27 Ақпан, 2017
Хабиб Нурмагомедов екі жылдан кейін спорттан кетеді

Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Экспорт • Кеше
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Қазақстан • Кеше
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше