Көзтаныс келіншек телефон соққан. Мұғалім еді. Мектепте наурыз мерекесіне орай бақосу өткізіледі дейді. Бұйымтайы - сол жиында ұлттық салт-дәстүрлерімізді көрсету үшін сценарий жазып беруім керек екен. Тұсаукесер, беташар, неке суын ішкізу.
Жаңалық емес. Ел егемендігін алып, Наурыз мерекесі алғаш тойланған күннен бері көрсетіліп келе жатқан қазақтың бай дәстүрінің бірі. Өзгерген, жаңаша сипат алған, мазмұны тереңдетіліп, мағынасы артқан ештеңе жоқ. Бұрынғы көрініс. Біздікі – қайталау. Бейне қазақ қыз ұзатып, келін түсіргеннен басқа ештеңе бітірмеген тәрізді. «Салт-дәстүрге баймыз» дегенде, екі ұртымыз толып, өзіміз күмпиіп-ақ кетеміз. Бірақ білетініміз бен қайталайтынымыз – саусақпен санарлық қана.
Басқасын былай қойғанда, мектеп оқушысының, яки, он екіде бір гүлі ашылмаған қыз баланың бетін ашып, неке суын ішкізгеніміз қалай болар екен? Ұлттық ұғымның ұңғысында мұндай рәсім адам өмірінде бір-ақ рет жасалса керек-ті. Ал біз жыл сайын Наурызда сол дәстүрімізді қайталап, кәмелетке толмаған қызымыздың бетін ашып, оны ержетпеген ұлымызға қосып, оларға неке суын ішкізіп жатамыз. Осынымыз ерсі емес пе? Ата-анасы қайда қарап отыр?
Шамасы, қазіргі жастар мән бере бермейді ғой деймін. Әйтпесе, жөн білетін ата-ана үкідей үлпілдетіп бағып-қағып отырған қыздарының бетін жөнсіз аштырып, жөн-жосықсыз неке суын ішкізбес еді.
Мереке сайын тұсау кесу рәсімі көрсетіледі. Аяғын апыл-тапыл жаңа басып келе жатқан сәби болса, бір сәрі. Әлдеқашан шауып кеткен балпанақтай бала. Бұрын да «ала жіпті аттама» деп ырымдап бір рет тұсауы кесілген. Қайта-қайта кесе бергеннің несі сән? Сонда ол баланың жүріс-тұрысы алғашқы кескен кісіге ұқсай ма, жоқ әлде кейінгі адамға ма?
Қазақ ырымшыл емес пе еді?! Тұсауды да анау-мынау адамға емес, елге сыйлы, абыройлы кісіге кестіріп, сол адамдай болсын деп ырымдаушы еді. Сонан соң сүрінбесін деп жас балаға жетелететін. Ал, Наурыз мерекесі сайын әлдеқашан шауып кеткен баланы ұстап алып, оның тұсауын кесу – қазақтың сол ырымына қырын болмай ма?..
Егер шынымен ұлттық рәсімді насихаттауға аңсарымыз ауып тұрса, өзгеше жол іздегеніміз жарасымды болмақ. Әрі еңбектеген балаға дейін білетін таптауырын тақырыпты қаузай бергенше, елді елең еткізе түсетін жаңалық қылып, ғасырлар қойнауында тұншығып жатқан саф алтын іспетті басқа салт-дәстүрімізді оралтып алсақ, оң болмас па еді?
Байқал БАЙӘДІЛОВ

Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38