Форумда Лоренцо Бернардели инновациялық шешімдермен жасалған көліктің футуристік тұжырымдамасын таныстырды. CNH Industrial корпорациясына кіретін Iveco коммерциялық техникаға озық технологиялар енгізуде көшбасшы саналады. Өз сөзінде спикер әлем бойынша жүргізушімен жүретін көліктерден бас тарту трендіне қазақстандықтардың да қосылатынынан үмітті екенін жеткізді.
«Қостанайда шығарылып жатқан Iveco модельдері Қазақстан үшін арнайы жасалуда. Онда жергілікті тұтынушылардың ерекшеліктері ескерілген. Сонымен қатар, ауа райы мен жол жағдайы да есепке алынған. Біз Қазақстанның көлік құрастыру саласындағы ынтасын ескере отырып, сонымен қатар, инновацияға деген құлшынысын ескере отырып, алдағы уақытта Қазақстан нарығында да мұндай көліктер пайда болады деп сенеміз", - деді Лоренцо Бернардели.
Қостанайдағы AllurGroup зауытында шығарылып жатқан жеңіл және ауыр коммерциялық техника түрлі салаларда пайдалануда. Атап айтар болсақ, ТЖ қызметі мен тәртіп сақтау, денсаулық сақтау, өрт сөндіру салаларында қолданылуда.
• 06 Наурыз, 2017
Қазақстанда өздігінен жүретін көліктер пайда болуы мүмкін

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше