Қысқы Универсиада ойындарында бес медаль жеңіп алған шаңғышы Анна Шевченкоға Павлодар қаласында өңір әкімі екі бөлмелі пәтерді сыйға тартты. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.
Облыс басшысы Болат Бақауов спортшыға халықаралық жарыста барын салып, Қазақстан намысын абыроймен қорғағаны үшін алғыс айтты.
«Сіздің әрбір жарысыңызды жібермей, қарап отырдық. Ел құрамасының қоржынына бес бірдей медаль салып, барша қазақстандықтарды қуанышқа бөледіңіз. Жаттығу жұмыстарының тығыздығына қарамай, уақыт бөліп келгеніңіз үшін алғыс білдіремін», – деді Болат Бақауов.
«Сіздердің қолдауларыңыздан күш алып, осындай жетістіктерге жетіп отырмын. Бүгін міне, тағы бір арманым орындалды. Алғашқы медалімді жеңіп алған кезде облыс әкімі хабарласқанын естігенде әріптестерім әзілдеп тұр деп ойлап қалдым. Сіздерге көп рахмет!» – деді Анна Шевченко.
Айта кетейік, Павлодар облысынан XXVII қысқы Универсиадада 10 спортшы қатысқан. Анна Шевченко бір алтын, бір күміс, үш қола жүлде жеңіп алған болатын.
• 06 Наурыз, 2017
Шаңғышы Анна Шевченкоға пәтер кілті табыс етілді

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше