Бірінші ауыр салмақта боксшы Бейбіт Шүменов бұрынғы бапкері Кевин Барридің қол астында жаттығатын болды. Бұл туралы қазақстандық спортшы инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.
«2010 жылы әлем чемпионы атануыма септігін тигізген бұрынғы бапкерім Кевин Барримен қайта жаттығатыныма қуаныштымын. Сонымен қатар, жаңа әріптестерім – WBO нұсқасы бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы Джозеф Паркермен және жартылай ауыр салмақта IBO белбеуінің иегері Омар Саламовпен бірге жұмыс істеймін», – деп жазды боксшы.
Кевин Майкл Джозеф Барри (1959 жылы туған) – жаңазеландиялық жаттықтырушы, менеджер, экс-боксшы. Бейбіт Шүменов 2010 жылы бірінші ауыр салмақта WBA нұсқасы бойынша алғашқы белбеуіне қол жеткізген.
Ал 2014 жылы Бейбіт кубалық маман Исмайыл Саласамен бірге жаттығуды бастады.м
• 07 Наурыз, 2017
Бейбіт Шүменов бұрынғы бапкерімен жаттығатын болды

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше