Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобспен өтетін жекпе-жегі жайлы пікір білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
«Маған ескі мектеп ұнайды. Кейде мен ерекше бір жекпе-жек ұйымдастырғым келеді. Ылғи мықты қырымнан көрсете берсем, жұдырықтасуға ешкім шықпайды», – деді қазақстандық боксшы.
«Джейкобс менен қорықпайды, себебі бұл – бокс. Ол өз міндетін, шама-шарқын жақсы біледі. Бізді тартысқа толы жекпе-жек күтіп тұр. Бұл екеуіміз үшін нағыз сын сағаты болмақ», – деп жазады Boxingnews24.com.
Бұған дейін GGG Джейкобсқа қарсы кездесуде жанкүйерлеріне үлкен сый жасайтынын, сондай-ақ, Джейкобсты тізе бүктіру үшін барын салатынын мәлімдеген.
Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас 18 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. HBO телеарнасы ақылы трансляция жүйесі арқылы таратса, елімізде бұл кешті 19 наурызда 08:00-де «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
• 07 Наурыз, 2017
Головкин: Өзіңді мықты жағынан көрсетсең, ешкім жекпе-жекке шыққысы келмейді

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше