Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Құтқарушылар өткен жексенбі күні мұздың жарылуынан суға кеткен 10 жастағы баланы бүгін міне, үшінші күн бойы іздестіріп жатыр.
Судың ағыны кей жерлерде секундына 2 метрге жеткендіктен сүңгуірлердің су астына түсуі мүмкін болмай отыр. Сондықтан тереңдігі 3 метр аумақты қамтитын бейнекамераны пайдаланып жатқан көрінеді. Су ағыны баяу жерлерде құтқарушылар су астына түсіп, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар үш күн ішінде 20 метрге жуық мұзды аршыпты.
Қазіргі уақытта құтқарушылар өзен ағысымен 2 шақырымға жуық жерді жүріп өтіпті. Іздестіру жұмыстарына Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мен Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының 8 қызметкері және 9 ерікті жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 5 наурыз күні Ертіс өзенінде орын алды. Мұз үстінде ойнап жүрген екі баланың бірі жұқа мұздың жарылуынан суға батып кеткен болатын.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы
Сурет ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынды
• 08 Наурыз, 2017
Семейде суға кеткен баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше